Жас вокалист "Арманнан қалма" атты әнді орындады.
ERNUR.KZ. Қазақстандық12 жастағы өнерпаз Ержан Максим Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision 2019 байқауында екінші орын алды, деп жазады Tengrinews.kz.
Жас вокалист "Арманнан қалма" атты әнді орындады.
Айта кетейік, ереже бойынша, жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі мен құрамына үшеуі ересек және екеуі балалардан құралған 5 адам, байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтады. Ержан 227 ұпай жинады. Бірінші орынды поляк орындаушысы Виктория Габор алды - 278 ұпай. Үшінші орын Испания әншісінде.
Жас дарынды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!https://t.co/cVWrm588Uh
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 24, 2019