Жас әнші Игорь Крутойдың музыкалық академиясында оқитын болады.
ERNUR.KZ. Жас әнші Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек Ресей астанасына 5 жылға көшетіндерін мәлімдеді, деп жазады Елорда Инфо.
«Ержан Игорь Крутойдың музыкалық академиясына оқуға барады. Ол жақта баспананы жалға алып тұратын боламыз. Қазір ұлым Еуровидениеде өнер көрсетуге дайындалып жатыр», - деді әншінің анасы.
Естеріңізге саламыз, оралдық жас әнші Ержан Максим Мәскеуде өткен «Голос. Дети» байқауында жеңіске жетіп, көпшілікке аты мәлім болды.