Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторы пара алды деген күдікпен ұсталды

0
1 029

Аудитор мемлекеттік сыңайлы бөлімнің өкілінен қаржы-шаруашылық тексерістің нәтижесінің кемшілігін жасыру үшін құны 240 мың теңгеге бағаланатын тауар алғаны үшін күдіктенуде.


Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторы пара алды деген күдікпен ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік аудиторы пара алды деген күдікке ілінді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Астана қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторы пара алды деген дәлел анықтады.

"Ол мемлекеттік сыңайлы бөлімнің өкілінен қаржы-шаруашылық тексерістің нәтижесінің кемшілігін жасыру үшін құны 240 мың теңгеге бағаланатын тауар алғаны үшін күдіктенуде. Өзің кінәсін мойындағаны үшін күдікті қамауға алынбады", - деді брифинг барысында МҚІСҚА қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин.

2019 жылдың 5 ақпанында Есеп комитетінің басшысы ауысты. Бұл лауазымға Ардақ Теңгебаев тағайындалды. Оған дейін ол мемлекеттік кірістер комитетін басқарған болатын.