Ешкімді танымайды: Маңғыстауда әскерге шақырылған сарбаз үйіне оралды

0
786

Қазір әскери полиция тексеру жүргізіп жатыр.


Ешкімді танымайды: Маңғыстауда әскерге шақырылған сарбаз үйіне оралды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында әскерге келгеннен кейін өзін біртүрлі ұстап, жақындарын танымай қалған Талғат Айтмұханов үйіне оралды, деп жазады sputnik.kz.

Алайда оның жағдайы үйде де жақсармаған. Туыстарының айтуынша, Талғат ешкімді танымайды.
"Ол ешкімді танымайды. Қайда екенін және не істеп жүргенін білмейді. Әкесін көргенде, ешқандай реакция жасамады. Алдында сарбаз тұр ма, жақын адамы ма, бәрібір сияқты. Бірақ өзінің фамилиясы мен жасын біледі, ал үйі мен отбасын танымайды", - дейді сарбаздың туысқаны Қайрат Насыбаев.
Бұған дейін қорғаныс министрлігі Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер әскерге келгеннен кейін бір аптадан соң айналада болып жатқан оқиғаларға түсініксіз реакция көрсеткенін, өзімен-өзі сөйлесіп жүргенін хабарлаған еді. Жас жігіт медициналық тексерістен өткен. Алайда дене жарақаттары мен қауіпті патологиялар анықталған жоқ.
Сарбаз биыл мамырда әскерге шақырылған. Қазір әскери полиция тексеру жүргізіп жатыр.