Есқалиев "СК-Фармация" басшысы қызметінен кетті

0
360

Есқалиев "СК-Фармация" ЖШС басқарма басшысы қызметіне 2020 жылдың 12 шілдесінде тағайындалды.


Есқалиев

ERNUR.KZ. "СК-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев қызметінен кетті, деп жазады sputnik.kz.

Есқалиев "СК-Фармация" ЖШС басқарма басшысы қызметіне 2020 жылдың 12 шілдесінде тағайындалды. 2016 жылдан бері тәуелсіз директор ретінде компанияның бақылау кеңесі құрамында болған. Оған дейін "ҚТЖ", "БРК-Лизинг", "Қазтеміртранс", ""Самұрық-Қазынада", сондай-ақ сауда және индустрия вице-министрі болды.
2020 жылы Әлеуметтік желілерде "СК-Фармация" компаниясында жауапты қызметтегі адамдар туыс екені туралы ақпарат тараған. Сол кезде "СК-Фармация" ЖШС компания басшысы Ерхат Есқалиев пен бақылау кеңесінің хатшысы Азат Есқалиев туыс деген ақпаратты жоққа шығарды.
Сол жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған болатын. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертеңінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен "СК-Фармация" ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.
"СК-Фармация" - дәрі-дәрмекті сатып алып, медициналық заттармен қамтамасыз ететін Қазақстандағы бірыңғай дистрибьютор.