Ескі көліктерге салынатын салық қысқартылады

0
302

Заңда жеке тұлғаларға салынатын салық мөлшерін қысқарту ұсынылған.


Ескі көліктерге салынатын салық қысқартылады

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасын түсіндірді, деп жазады baq.kz.

Ол заңда жеке тұлғаларға салынатын салық мөлшерін қысқарту ұсынылғанын айтты.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаумен қатар, қоғам жиі көтеретін мәселелер де шешіледі.

Жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген. Сондай-ақ қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30%-ға, 20 жылдан асқан автомобильдер үшін 50%-ға төмендетіледі, - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ Азамат Әмрин қандай «сән-салтанат» заттарына жоғары салық салынатынын айтты:

  • жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі;
  • кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу;
  • қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу.