ЕСП енді жоқ: өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар не істейді

0
666

Бірыңғай жиынтық төлем тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілген болатын.


ЕСП енді жоқ: өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар не істейді

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті жаңа жылға дейін бірыңғай жиынтық төлем төлеп келгендер не істеуі керек екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Бірыңғай жиынтық төлем тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілген болатын. БЖТ қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап егер азамат кәсіпкерлік қызметпен айналыспаса, онда ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды (ай сайын 4250 теңге) дербес төлей алады. Бұл медициналық көмек алу үшін медициналық мекемелерге жүгінуге мүмкіндік береді", - деді комитеттегілер.
МӘМС төлеуден декреттік демалыстағы әйелдер, көпбалалы аналар және тағы басқа азаматтар босатылады, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.
Ал егер азамат кәсіпкерлік қызметін жалғастыра берсе, онда жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзіне ыңғайлы салық салу режимін – патентті (салық ставкасы 1%), оңайлатылған декларацияны (салық ставкасы 3%), бөлшек салық режимін (салық ставкасы 4%) таңдауы керек.
Салық режимін E-salyq Business мобильді қосымшасы арқылы таңдауға болады. Онда салық пен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді, деп атап өтті МКК.
Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы 17 425 теңгені құрайды (міндетті зейнетақы жарналары – 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2975 теңге, МӘМС жарналары – 5950 теңге).