Ет бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ – Ауыл шаруашылығы министрі

0
390

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, елде етті шаруа қожалықтарынан сатып алу бағасы төмен.


Ет бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ – Ауыл шаруашылығы министрі

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ауыл шаруашылығы және сауда министрлері ет бағасына қатысты пікір білдірді. Олардың сөздерінше, елде ет бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ, деп жазады Stan.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, елде етті шаруа қожалықтарынан сатып алу бағасы төмен.

"Малды тірідей сатып алғанда, келісі 700-800 теңгеден аспайды. Мал шаруашылығымен айналысатын азаматтардың басты мәселесі осы. Ал әрі қарайғы баға нарықта қалыптасады. Қазіргі таңда бізде ет бағасы тұрақты. Айтып өткеніміздей, елде ет өндіру көлемі де, мал басы да өсіп келеді. Сондықтан ешқандай тәуекелдер жоқ", – деді министр.

Сауда министрі Бақыт Сұлтанов ет бағасының монополиялар мен делдалдар кесірінен өсіп жатқанын мәлімдеді.

"Фермерлерден ет орташа бағамен 900 теңгеге сатып алынады. Әрі қарай нарықта монополиялар, делдалдар арқылы қымбаттайды. Қазір осы бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен ет бағасына 15%-дан артық үстеме қоспау үшін жұмыстар жүргізілді", – деп қосты Бақыт Сұлтанов.