Әйел сегізінші қабаттың балконынан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған.
ERNUR.KZ. Әйелдің денесі 5 қазан күні таңертең дүкеннің төбесінен табылды, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Банктің басшылығы өз қызметкерінің өліміне қатысты тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуды сұрайды.
Бұл туралы банк агенттіктің ресми сауалына жауап ретінде хабарлады.
""Bank RBK" АҚ Павлодар қаласындағы филиал директорының мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарлайды. Басшылық пен ұжым орны толмас қайғыға байланысты біздің әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және оның отбасына қажетті материалдық қолдау көрсетеді. Банк болған оқиғаның себептерін анықтау жөніндегі жұмыста тергеуге толық көмек көрсетеді. Бұл жұмыс аяқталғанға дейін банк тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды", - делінген банктің хабарламасында.
Еске сала кетейік, кеше сағат 07.13-те Бектұров көшесі, 50/1 үйде орналасқан дүкеннің күнқағарынан 1972 жылы туған азаматшаның денесі табылды. Полицейлердің айтуынша, әйел сегізінші қабаттың балконынан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған.