Forbes тізіміндегі ресейлік ықпалды кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстан азаматы атанды

0
411

Тимур Турлов 19 сәуірде Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын алғысы келетінін хабарлаған.


Forbes тізіміндегі ресейлік ықпалды кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстан азаматы атанды

ERNUR.KZ. Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы, Forbes тізіміндегі ресейлік ықпалды кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстан азаматы атанды. Бұл туралы ол әлеуметтік парақшасында жазды, деп жазады Ulysmedia.kz.

“Осыдан 11 жыл бұрын Қазақстанға келдім. Соңғы 10 жылда отбасыммен осында тұрамын.

“Қазақстан маған үлкен шабыт сыйлады, бұл елде көп дос таптым. Менің балаларымның көбі осында туды, бәрі осында тұрады және оқиды. Қазақстан - тәуелсіз, көпұлтты ел. Мұнда ұлты мен діні басқа көптеген ұлттар мен ұлыстар бейбіт өмір сүріп жатыр. Азаматтардың көбі екі тілде сөйлейді.
Қазақстанда маған ұнайтын оң өзгерістер болып жатыр. Біздің холдингтің командасына қаржы әлемінде үздік өнімдер жасауға мүмкіндік беретін цифрлық трансформацияға қатысты өзгерістер тез даму үстінде.
Дәл осы жерде біздің холдингтің #NASDAQ атауымен штаб-пәтері орналасқан. Мен Қазақстан азаматы атанғанымды мақтан тұтамын”, – деп жазды Тимур Турлов.

Кәсіпкер Қазақастанның бейбіт және қонақжай саясатының арқасында жаңа, бай, тиімді және әділ мемлекетке айналатынына сенім білдірді.

“Мен осы елдің азаматы ретінде кәсіпкерлікпен елдің дамуына үлес қосамын деп үміттенемін. АҚШ пен Германияда “Цифрлық ипотека” туралы айтқанымда адамдар тамсанады. Осындай оқиғалар көбейеді деп сенемін.
Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік, үлкен құрмет. Бұл холдингтің атынан Қазақстанға капитал тартуды ұлғайтатынымызды білдіреді. Соның ішінде америкалық және еуропалық компанияларды тартатын боламыз. Мен мұнда үлкен өзгерістер болатынын сеземін. Қазір мұнда көп мүмкіндік бар. Қазақстан - әлемдегі ең тартымды мемлекеттердің бірі. Біз бәріміз бірігіп, оны көркейтеміз!
Мен қазақша үйренемін, жақында мен қазақша сөйлейтін боламын!”, – дейді Қазақстанның жарқын болашағына сенетін кәсіпкер.

Тимур Турлов 19 сәуірде Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын алғысы келетінін хабарлаған.