ForteBank-ті уақытша Ұлттық банк басшысының інісі басқаратын болды

0
654

2022 жылдың 15 шілдесінен бастап Бекжан Пірматов басқарма төрағасының міндетін атқарады.


ForteBank-ті уақытша Ұлттық банк басшысының інісі басқаратын болды

ERNUR.KZ. ForteBank директорлар кеңесі 15 шілдеден бастап жеке себептеріне байланысты Рейнис Рубенистің басқарма төрағасы қызметінен мерзімінен бұрын кеткені туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ол бұл қызметке 2022 жылдың 10 қаңтарында кіріскен. Бұған дейін латвиялық ірі Swedbank Latvia банкіне бес жыл басшылық еткен.

"Биыл геосаяси ландшафт қатты өзгерді және менің отбасымның Қазақстанға көшуін қиындатты. Бұл маған оңай болмаған басқарма төрағасы қызметінен ерте кету туралы шешіміме себеп болды. Мен Латвияға ораламын", - деді Рейнис Рубенис өз шешіміне түсініктеме бере отырып.

2022 жылдың 15 шілдесінен бастап Бекжан Пірматов басқарма төрағасының міндетін атқарады.

Бұған дейін ол басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған.