Футболшы адам өлтіру фактісі бойынша жазаға тартылды

0
1 205

​ «Жетісу» және «Алтай» футбол командасының бұрынғы ойыншысы Саят Сариев адам өлтірді деген айыппен қамалды. Ол Алматы облысында Бақтыбай ауылында тұратын Аслан Қабанбаевты өлтірген. Онымен қоса ол заңсыз қару сақтағаны үшін де жауапқа тартылды,-деп хабарлайды tengrinews.kz.


Футболшы адам өлтіру фактісі бойынша жазаға тартылды

«Жетісу» және «Алтай» футбол командасының бұрынғы ойыншысы Саят Сариев адам өлтірді деген айыппен қамалды. Ол Алматы облысында Бақтыбай ауылында тұратын Аслан Қабанбаевты өлтірген. Онымен қоса ол заңсыз қару сақтағаны үшін де жауапқа тартылды,-деп хабарлайды tengrinews.kz.

2017-жылдың 28 қарашасынан 29-ына қараған түні ішімдік ішіп достарына барған, барлығы бірге дүкенге барады. Сол жерде олар басқа ауылдастарын кезіктіріп, таныстары ішімдікке ақша сұрайды. Ақшасы жоқ екенін айтқанымен олар сенбей Қабанбаев Сариевті бетінен ұрып жібереді. Сол кезде Сариев көлігіндегі тапаншаны алып 2 метр қашықтықтан Қабанбаевқа оқ атады. Қабанбаев сол жерде көз жұмады. Сариев сол түнгі оқиғалар есінде жоқ екенін айтты. Қалай оқ атқанын, үйіне қалай келгенін білмейді. Орын алған оқиғадан кейін тапаншаны Сариев өзенге лақтырып жіберген. Сөзінше Сариев пен Қабанбаев бұрындары дос болған көрінеді, сол кезден-ақ «досы» футболшыдан ақша талап етеді екен.