Әртіс өзінің ұйымдастырушыларымен бірге бірнеше айдан бері концерттерін өткізуге рұқсат алуға тырысып жатқанын жеткізген.
ERNUR.KZ. Астана қаласының мәдениет басқармасы мәлімдеме жасады ресейлік әртіс Максим Галкиннің Қазақстандағы концерттерін өткізуде кедергіге тап болғаны жайлы бейнеүндеуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады ulysmedia.kz.
«Биылғы 1 наурызда Астана қаласының мәдениет басқармасына 8 қазанда Роза Бағланова атындағы «Қазақстан» орталық концерт залында Максим Галкиннің кешін өткізу жөнінде хат келді. Оны жолдаған - «TopBilet» ЖК директоры Р. Асланов. Хат нөмірі - № 271. 8 қазанда мұғалімдер күніне арналған концерт өткізілетіндіктен кешті ұйымдастырушыларға басқа күнді немесе басқа ғимаратты таңдау ұсынылды. Ұйымдастырушылардан бұдан басқа хат түскен жоқ», – делінген хабарламада.
Десе де, басқармадағылар Максим Галкинге көмекке келуге дайын.
«Ұстаздар күніне арналған концертті басқа концерттік залда өткізу жоспарланғанын ескере отырып, ұйымдастырушылар қайта жүгінген жағдайда тиісті заңнамаға сәйкес Максим Галкиннің кешін өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз», – дейді ведомстводан.
Еске салайық, бұдан бұрын әртіс өзінің ұйымдастырушыларымен бірге бірнеше айдан бері концерттерін өткізуге рұқсат алуға тырысып жатқанын жеткізген.
«Кейбір ойдан шығарылған себептер, сахна сыртындағы тыйымдар. Билеттерді сату не тоқтайды, не тоқтамайды. Түсінемін, мен қандай да бір себептермен Қазақстан билігіне соншалықты қорқынышты болсам, олар менің концерттерімді өткізуден қаймығатын сияқты. Қазіргі уақытта менің концерттеріме тыйым салынған», - деп шағымданды Максим.
Танымал әзлікеш «Қазақстанды және оның халқын жақсы көретінін» және осы оқиғаға өкінетінін айтты.
Айта кетсек, Максим Галкин Ресей Федерациясының басшылығын Украинаға басып кіргені үшін сынап, елден кетуге мәжбүр болған. Ресейде оған шетелдік агент мәртебесі берілді.
Бір жылдан астам уақыт бойы Галкин Израильде өнер көрсетіп, Ресей басшылығының кейбір шешімдерін келемеждеді.
Алла Пугачева күйеуінің артынан Израильге барған. Күзде ол балаларына оралды.