Отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетілген.
ERNUR.KZ. 15 қараша күні эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, нәтижесінде "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті, деп жазады stan.kz.
Қазақстандық дипломаттардың мәлімтінше, отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетілген.
“Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді. ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады”, – делінген хабарламада.
Олар Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін мемлекетіміз оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды.