Германияда қазақстандықты ұстау кезінде қолтырауынның басы табылды

0
214

39 жастағы қазақстандық Гессен қаласының солтүстігінде тұрған.


Германияда қазақстандықты ұстау кезінде қолтырауынның басы табылды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Германияда Ресейге бірнеше миллионға заңсыз көлік сатты деп айыпталған Қазақстан азаматының үйінен қолтырауынның басы табылды, деп жазады stan.kz.

Германия кеден қызметінің мәліметінше 39 жастағы қазақстандық Гессен қаласының солтүстігінде тұрған. Санкцияға қарамастан ол Ресейге премиум-класындағы көліктер, мотоцикл мен квадроцикл жеткізумен шұғылданған. Жалпы экспорттың көлемі 25 миллион еуро деп бағаланды.

"Тұрғын үй мен коммерциялық ғимаратты тінту барысында 21 көлік құралы, допинг препараты, тыйым салынған электрошокер, қорғауға алынған қолтырауын түрінің басы табылды", - делінген хабарламада.

Ер адам санкцияны кем дегенде 700 рет бұзған.