Германияда тегін оқығысы келетін қазақстандықтар үшін өтініш қабылдау басталды

0
1 660

Өтініштерді қабылдау мерзімі бағдарламалар мен университеттерге байланысты жүргізіледі


Германияда тегін оқығысы келетін қазақстандықтар үшін өтініш қабылдау басталды

ERNUR.KZ. Германияда 2019-2020 оқу жылына өтініштер қабылдау уақыты басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

DAAD www.daad.kz неміс академиялық алмасу қызметінің веб-сайтында Германиядағы бакалавриаттан PhD-ға дейін оқу бағдарламаларын табуға болады. Төмендегі ағылшын тіліндегі оқу бағдарламалары бойынша ақпараттық брошюралардың сілтемесі:

Германиядағы халықаралық Бакалавриат бағдарламалары

Германиядағы халықаралық Магистратура бағдарламалары

Германиядағы халықаралық Докторлық бағдарламалар

Бұл ақпараттық брошюралар ағылшын бағдарламаларын, университеттерді, қаланы, оқытудың басталу уақыты, веб-сайттың сілтемелерін және электрондық поштаны көрсетеді.

NB: Медицина және құқық бағдарламаларының көпшілігі тек неміс тілінде екенін ескеру қажет.

Бакалавриаттың негізгі құжаттары:

Тілдік сертификат: DSH, TestDaF, IELTS (6.0-ден бастап), TOEFL (ең азы 80);

Oрта (толық) жалпы білім туралы аттестат немесе оқу орнынан алынған анықтама мен транскрипт (егер аттестат болмаса);
NB: 11 жылдық білім беру мектебінің барлық түлектері үшін дайындық курстарын (штудиенколлег) неміс тілінде өту керек. Немесе қазақстандық университетте 1 курс оқуды бітіру қажет, содан кейін Германияда университетке түсу керек.

Академиялық анықтама немесе диплом (кемінде 1 жыл жоғары білім немесе университет алдындағы дайындық өту туралы (студенттік колледждер);

Мотивациялық хат;

Резюме.

Магистратураға арналған негізгі құжаттар:

Тілдік сертификат: DSH, TestDaF, IELTS (6.5-тен бастап), TOEFL (ең аз 80);

Бакалавр дипломы немесе оқу орнынан алынған анықтама мен транскрипт (егер диплом болмаса);

Мотивациялық хат;

Резюме.

PhD докторантурасының негізгі құжаттары:

Тілдік сертификат: DSH, TestDaF, IELTS (6.5-тен бастап), TOEFL (ең аз дегенде 80);

Магистр дипломы немесе оқу орнынан алынған анықтама мен транскрипт (егер диплом болмаса);

Ұсыным хаттар;

Зерттеу жобасы;

Мотивациялық хат;

Резюме.

Барлық құжаттар неміс немесе ағылшын тіліне аударылып, нотариалды куәландырылуы қажет.

Өтініштерді қабылдау мерзімі бағдарламалар мен университеттерге байланысты: наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде.