Германияда вокзалдағы полиция бөлмішесіне кіріп ақпарат сұраған қазақстандық қамауға алынды

0
483

Ақшалай айыппұл 130 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылған.


Германияда вокзалдағы полиция бөлмішесіне кіріп ақпарат сұраған қазақстандық қамауға алынды

ERNUR.KZ. Германияда 53 жастағы Қазақстан азаматы вокзалдағы полиция бөлмішесіне кіріп заңмен мәселесі бар-жоғын сұрағаны үшін қамауға алынды, деп жазады stan.kz.

Оқиға Лейпцигтің орталық вокзалындағы полиция бөлімшесіне болған. Ер адам Германияда бұрыннан тұратын көрінеді.

"Қазақ өзіне қарсы ештеңе болмайды деп үміттенген шығар. Алайда ер адамға мас күйінде және құжатсыз көлік жүргізгені үшін қамауға алу туралы екі санкция шығарылды", — деді полиция өкілі Йенс Дамрау.

Оларды Хемниц пен Торгау соттары берген. Екі бұзушылық үшін де ол жалпы сомасы 5200 еуро айыппұл төлеуі қажет болған. Алайда онда мұндай ақша болмған. Сол себепті кісенделіп, қамауға алынып, түрмеге жіберілген. Ақшалай айыппұл 130 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылған.