Ғабидолла Әбдірахымов Бозжырада қонақ үй салуға қатысты пікір білдірді

0
2 643

Мәдениет және спорт вице-министрі даулы мәселеге қатысты ойымен бөлісті.


Ғабидолла Әбдірахымов Бозжырада қонақ үй салуға қатысты пікір білдірді

фото: Azattyq Rýhy

ERNUR.KZ. Бозжыра шатқалында бой көтеретін қонақ үйдің айналасына кемпинг салу керек. Мұндай пікірді Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов білдірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Экс-әкім көптің талқысына түскен қонақ үй құрылысына қатысты пікірімен бөлісті. Вице-министр қоғамның ойын таразылап, туристік жобаны шетелдік тәжірибемен салыстырды.

«Бір тарап қонақ үй салуға үзілді-кесілді қарсы болса, екінші жағы жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті аумақтарды дамытуға түрткі болатын осы туристік нысанды салуды жақтап отыр. Шынымды айтсам, екі жақтың да пікірімен келісуге болады. Иә, табиғатты қорғау керек, бірақ оны дамытуды да ұмытпаған жөн. Халықаралық тәжірибеге назар аударатын болсақ, әртүрлі мысалдарды келтіруге болады. Солардың бірі - АҚШ-тағы әйгілі Гран Каньон. Ондағы ұлттық парк маңынан бірнеше отельдерді табуға болады. Сондай-ақ, онда кемпингтер мен автокөліктерге арналған тұрақ орындары бар. Сауд Арабиясындағы Аль Ула елдімекенін де мысал ретінде айтуға болады. Суретті қараңыз. Ол жақта тіпті жыл сайын халықаралық фестиваль өтеді», - деп жазды Ғабидолла Әбдірахимов.

Осылайша вице-министр Бозжыра шатқалында салынғалы жатқан қонақ үйдің құрылысын құп көріп, бастысы экологияны да бүлдірмей, халықты да ренжітпейтіндей жоба құру керектігін айтты.

«Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ барлық жағымды және жағымсыз жақтарын ескере отырып, Бозжыра маңында қонақ үй салу орынды деп санаймын. Бірақ сонымен бірге нысанды шатқалдан экологиялық қауіпсіз қашықтықта салу керек. Кемпингтер сынды қосымша инфрақұрылым құру қажет. Ол жерде тамақтануға, душ қабылдауға, дәретханаға баруға және демалуға қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сондай-ақ, барлық келетін туристер үшін автокөлік тұрағын салу керек (тек қонақ үй қонақтары үшін ғана емес). Бұдан бөлек, серуендеуге, жылқыларға, велосипедтерге және ашық шатыры бар туристік автобустарға жол салу қажет», - делінген жазбада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы әкімдігі Бозжырадағы қонақ үй шатқалдан 4 шақырым қашықта салынатынын мәлімдеді.