​Ғалымдар уақыт белдеуін өзгертудің кері әсерін дәлелдесе, кім жауапты болады

0
223

Үкімет басшысы Олжас Бектенов уақыт белдеуіне қатысты шешім түпкілікті екенін айтқан болатын.


​Ғалымдар уақыт белдеуін өзгертудің кері әсерін дәлелдесе, кім жауапты болады

Фото: pexels.com

ERNUR.KZ. Қазір елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің адам ағзасына әсері зерттеліп жатыр. Егер ғалымдар уақыт белдеуін ауыстырудың кері әсерін дәлелдеп шықса, бұрынғы уақыт белдеуін кері қайтара ма және ол үшін кім жауапты болады? Дәл осы сұрақ Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевқе қойылды, деп жазады inform.kz.

— Зерттеу, мониторинг салалық негізде бөлінді, яғни денсаулық сақтау, энергетика, білім беру мәселелері бойынша, жинақталған ақпарат алғаннан кейін біз қорытындыны аламыз. Біз объективті сөйлейтін боламыз, яғни объективті көрсеткішті сипаттайтын метрика оның бәрі зерттеледі, - деді Арман Шаққалиев Үкімет үйі қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ тілшілер министрге егер ғалымдар уақыт белдеуін ауыстыру адамға кері әсер етеді десе, қателігіңізді мойындауға дайынсыз ба деген нақтылау сауалын жолдады.
— Бұған дейін де бірнеше рет айтқанбыз, шешім қабылданды және мен бұл шешімді ешқашан қате деп айтпаймын. Ғалымдар динамиканы байқау керек деп отыр, - деп толықтырды ведомство басшысы.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты сұраққа пікір білдірді.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Олжас Бектенов уақыт белдеуіне қатысты шешім түпкілікті екенін айтқан болатын.