Ғалымдар Жерге бағытталып келе жатқан 3І/ATLAS жұлдызаралық кометасының сигналын қабылдады

0
101

24 қазанда Оңтүстік Африкада орналасқан MeerKAT радиотелескопы арқылы тіркелген. Бұған дейін дәл осы жиіліктерде сигнал алу әрекеттері сәтсіз болған еді.


Ғалымдар Жерге бағытталып келе жатқан 3І/ATLAS жұлдызаралық кометасының сигналын қабылдады

Сурет: freepik

ERNUR.KZ. Астрономдар 3I/ATLAS деп аталатын ғарыш кометасынан алғаш радиосигнал қабылдады. Бұл нысан біртіндеп Жерге жақындап келеді, деп жазады zakon.kz.

Astronomy & Astrophysics порталының мәліметінше, сигнал 24 қазанда Оңтүстік Африкада орналасқан MeerKAT радиотелескопы арқылы тіркелген. Бұған дейін дәл осы жиіліктерде сигнал алу әрекеттері сәтсіз болған еді.

Гарвард университетінің ғалымы Ави Лебтің айтуынша, 2026 жылдың 16 наурызында, 3I/ATLAS Юпитер маңынан өткен кезде, "Юнона" ғарыш аппараты бұл нысаннан төмен жиіліктегі сигналды ұстауға тырысады.

3I/ATLAS нысаны алғаш рет 1 шілдеде байқалған. Кейін ғалымдар оның басқа жұлдыз жүйесінен келген комета екенін анықтады. Сондай-ақ, оның шамамен 7,5 миллиард жылдық тарихы бар екені белгілі болды — бұл Күннің жасынан 3 миллиард жылға үлкен.

Қыркүйек айында 3I/ATLAS "белгісіз эволюцияға" ұшырап, түсін өзгертуді бастаған.