2023 жылдың 4 қаңтарынан ҚР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарды.
фото:
ERNUR.KZ. Ғани Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Ғани Бейсембаевтың еңбек жолы
Алматы облысы Талғар ауданы №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары (1989-1995 жж)
Алматы облысы Іле ауданы №12 орта мектебінің директоры (1995-1997 жж)
Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми хатшысы, кеңесшісі (1997-2000 жж)
Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған (2000-2001 жж)
«Халықаралық қосымша кәсіби білім беру орталығы» ЖШС директоры (2001-2006 жж)
Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледжінің директоры (2006-2007 жж)
«Edtech-kz» халықаралық білім беру орталығының бас директоры (2007-2020 жж)
Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры (2020 ж)
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті (2020-2022 жж)
Білім және ғылым вице-министрі (2022 жылғы наурыз-тамыз айлары)
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі (2022 ж. тамыздан бастап)
ҚР Оқу-ағарту министрі (2023 ж. 4 қаңтар)