​Ғылым министрлігі Ирандағы қазақстандық студенттерге қатысты түсінік берді

0
84

Иран астанасында және басқа да ірі қалаларында елдің қиын экономикалық жағдайына байланысты 28 желтоқсаннан бері жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр.


​Ғылым министрлігі Ирандағы қазақстандық студенттерге қатысты түсінік берді

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Иранда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер жоқ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлім етті, деп жазады inform.kz.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Иранда білім алып жатқан студеттер жөнінде сұрады.

— Қазір Иранда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер жоқ. Ал өздері Иранға барып, оқып жатқан студенттердің санына қатысты есеп жүргізілмейді, — деді Т. Ешенқұлов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Иран астанасында және басқа да ірі қалаларында елдің қиын экономикалық жағдайына байланысты 28 желтоқсаннан бері жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр.