Бұйрық 2025 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
Фото: atr.kz
ERNUR.KZ. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өту және конкурс өткізуге қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау мерзіміне өзгерістер енгізді, деп жазады inbusiness.kz.
Мәселен, 2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өту және конкурс өткізу конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдаудың мынадай мерзімдері бекітілді:
- құжаттарды қабылдау: 2025 жылғы 3 наурыздан 19 қарашаға дейін (3 наурыздан 31 қазанға дейін болған);
- конкурс өткізу: 2025 жылғы 1 сәуірден 31 желтоқсанға дейін және 2025 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.


