Алғашқы рейс 22 қарашаға жоспарланған.
Фото: Александр Павский / Kazinform
ERNUR.KZ. Жуықта Атыраудан Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласына тікелей әуе қатынасы ашылмақ, деп жазады inform.kz.
Бұл бағыт Атырау мен Нөкіс арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етіп, жолаушыларға екі қала арасында қатынауға мүмкіндік береді.
Алғашқы рейс 22 қарашаға жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін бұл бағытта тікелей рейс болмады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, келесі жылы Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейс ашылуы мүмкін. Қазір еліміз АҚШ-қа ұшуға қажетті рұқсат алуға дайындалып жатыр.


