Геннадий мен Алинаның үш баласы бар.
ERNUR.KZ. 39 жастағы бокстан әлем чемпионы - қазақстандық Геннадий Головкин әлеуметтік желіде әйелі мен балаларының суретін алғаш рет жүктеді, деп жазады zakon.kz.
Дегенмен олар суретке теріс қарап түскен екен.
Мен өзімді бақытты сезінемін. Маған ең қымбатты адамдар - қазір менімен бірге. Өз-өзімді туған күніммен құттықтап қояйын, - деп жазылған фотосуреттің астындағы жазбада.
Геннадий мен Алинаның үш баласы бар екені белгілі: 12 жасар ұлы Вадим (2009 жылы сәуірде туған), одан кейін ата-анасы атын атауды жөн көрмейтін қызы (2017 жылы қыркүйекте туған) мен тағы бір ұлы (2019 жылы қаңтарда туылған) бар.
Бүгінгі таңда Головкин Лос-Анджелестің маңында тұрады.