​Головкин Назарбаевқа алғысын білдірді

0
921

Қазақстандық ретінде, елінің патриоты ретінде Тұңғыш Президентке, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет үшін алғыс айтқым келеді.


​Головкин Назарбаевқа алғысын білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазақстандық ретінде, елінің патриоты ретінде Тұңғыш Президентке, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет үшін алғыс айтқым келеді. Біздің туымыз, елтаңба, әнұранымыз бар. Мақтан тұтатын, жақсы көретін көпұлтты Қазақстан бар. Нұрсұлтан Әбішұлы, барлығына рахмет! Сізге мықты денсаулық, ал жас елімізге өркендеу мен амандық тілеймін", - деп жазды Головкин Instagram желісіндегі парақшасында.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді. Ол қазақстандықтарға барлық президент сайлауында қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдіріп, халықпен ел азаматы ретінде қалатынын айтты. Енді Мемлекет басшысының міндетін Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.