«Грантқа түсіремін деп 7 млн теңге алған»: ата-аналарды алдаған алаяқ ұсталды

0
259

21 жастағы жігіт Астанадағы беделді ЖОО-на грантқа түсіруге уәде еткен.


«Грантқа түсіремін деп 7 млн теңге алған»: ата-аналарды алдаған алаяқ ұсталды

ERNUR.KZ. Астанада 21 жастағы жігіт грантқа түсіремін деген уәдемен ірі көлемде ақша алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қаскүнем грантқа аударуға көмектесемін деген желеумен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында қылмыстық ниетпен ақша талап етіп, алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құрайды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Жас жігіт жасаған қылмысын мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.