Әсел Айтпаева туысының шақыруымен Грузияға жұмыс істеуге сәуір айында кеткен.
ERNUR.KZ. Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева белгісіз жағдайда көз жұмды. Ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі растады, деп жазады 24.kz.
Марқұмның туыс әпкесі қыз қайтыс болмай тұрып өзінің құрбысына аудиожазба жіберіп үлгергенін айтты. Аудиожазбадан белгісіз ер адамның оны қорқытқанын естуге болады.
Әпкесінің айтуы бойынша, Әсел Айтпаева туысының шақыруымен Грузияға жұмыс істеуге сәуір айында кеткен. Қыз бірнеше күн бойы байланысқа шықпаған. Аудиожазбасы бар соңғы хабарлама 5 мамырға қараған түні келген.