Грузияда қазақ жігіт із-түссіз жоғалып кетті

0
247

​Ол айдың басында із-түзсіз кеткен.


Грузияда қазақ жігіт із-түссіз жоғалып кетті

Фото: www.threads.com/@raniyata_s/pos

ERNUR.KZ. Тбилисиде 27 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Бұл туралы Грузияның БАҚ-тары жазды. Сондай-ақ оның достары да әлеуметтік желілерде іздеу жариялаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тбилисиде 27 жастағы Қазақстан азаматы Шыңғыс Муссадилов із-түзсіз жоғалып кетті. Ол 31 шілдеден 1 тамызға қараған түні соңғы рет Руставели даңғылындағы Laila түнгі клубының маңында байқалған.

«Куәгерлердің айтуынша, Шыңғыс ол түні досы Темірлан есімді жігітпен бірге ішімдік ішкен. Шамамен таңғы сағат 5:00-де ізім-ғайым жоғалған. Сол сәттен бастап үйіне оралмаған, жұмысқа да шықпаған, ешкімге ескерту жасамаған. Достары мен әріптестері бұл оның әдетіне мүлдем келмейтінін айтады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Шыңғысқа қоңырау бармайды. Оның жақындары полицияға ресми түрде арыз жазған.