Арыстағы Halyk Bank қарызгерлер саны - 3639 адам, олардың жалпы қарыз соммасы 3,3 млрд. теңгеден асады.
Halyk Bank Арыс қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлерінің қолданыстағы қарыздары бойынша 2019 жылғы 1 шілдеден бастап сыйақы есептеуді тоқтатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Halyk Bank өзінің ресми facebook парақшасында жариялады.
Бұл қиын күндері клиенттерімізді қолдау мақсатында Банктің басшылығы 1 шілдеден бастап, келесі шешімдерді қабылдады:
1 шілдеден бастап Арыс қаласында берілген барлық қарыздар бойынша 1 млрд. теңгеден артық соммаға сыйақы есептеу тоқтатылды.
Арыстағы Halyk Bank қарызгерлер саны - 3639 адам, олардың жалпы қарыз соммасы 3,3 млрд. теңгеден асады.
Барлық клиенттер жеке және заңды тұлғаларға 2019 жылғы 1 шілдеден 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін барлық кредиттері бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі 6 айға шегерілсін (өтеу мерзімі кейінге қалдырылды)