ШҚО-да бір ай бұрын ІІД ғимараты маңында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды.
ERNUR.KZ.ШҚО-да бір ай бұрын ІІД ғимараты маңында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп жазады NUR.KZ.
Ер адамның мәйіті Үлбі өзенінің жағасына қалқып шыққан. Мұны байқаған тұрғындар бірден полицияға хабар береді. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамның жансыз денесін судан алып шыққан.
Қайтыс болған азамат 9 шілде күні жоғалған Ринат Базарбаев екені анықталды. Туыстары ер адамды қатты өзен ағысы алып кеткен деген болжам жасауда.