​ІІМ басшысы Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін берілген медальге қатысты пікір білдірді

0
1 376

Сондықтан менің бұйрығымен оған медаль берілді", - деді Қасымов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.


​ІІМ басшысы Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін берілген медальге қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Тенге қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін берілген медаль жайлы айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бұл мен сыйлай алатын ең жоғары марапат. Біз мұндай медальді өзінің міндеттерін атқарып, ерлік көрсеткен қызметкерлерімізге береміз. Бұл жағдайда, біздің ойымызша, Денис Тен қылмыстың жасалуына кедергі келтірді, ерлік көрсетті. Сондықтан менің бұйрығымен оған медаль берілді", - деді Қасымов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ал қазақстандықтардың бұл жаңалыққа қатысты Желідегі пікірлеріне қатысты Қасымов оның қолынан келетіні осы ғана екенін айтты.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.