ІІМ Қазақстанда балалар батутының қызметін тоқтатуға шақырды

0
1 027

Түрлі жазатайым оқиғалардың салдары ауыр болып тұр.


ІІМ Қазақстанда балалар батутының қызметін тоқтатуға шақырды

ERNUR.KZ. Қазақстанның ішкі істер министрлігі жеке кәсіпкерлерге ауа-райының қолайсыздығына дейін балалар батутының қызметін уақытша тоқтатуға шақырды, деп жазады stan.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, желдің күшімен балалардың жазатайым оқиғалары орын алуы мүмкін. Сонымен қатар қазіргі кезде жергілікті билік органдары балалардың демалыс орындарын, атап айтқанда балалардың ойын алаңдарын , велосипедтерді жалдау және басқаларды орнатуда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға шақырды.

25 мамырда Қарағанды қаласының Орталық саябағында апатты жағдай орын алды. Қатты жел салдарынан батут құлап, бір бала мерт болды. Тағы екі бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Бір күн бұрын Жаңаөзендегі Орталық саябақтың аумағында күшті желден балалар батуты жарылды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.