ІІМ көшеде әйелді ұрған Арман Шореав екенін растады (видео)

0
377

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.


ІІМ көшеде әйелді ұрған Арман Шореав екенін растады (видео)

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Арман Қожаев Арман Шораевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Осыған дейін біз қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат берген болатынбыз. Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы қабылданды. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай реестрге енгізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Шораев өзі екенін жоққа шығарса, қылмыстық іс тіркелді, тергеліп жатыр», - деді Қожаев.

Осыған дейін Астанада ер адамның әйелді көшеде шашынан сүйреп, ұрып жатқан видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Kozachkov offside телеграм-арнасы видеодағы агрессор танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін жазған болатын. Кейін Арман Шораевтың өзі бұл оған жабылған жала екенін айтып, видеодағы ер адам өзі емес, жасанды инттелект арқылы жасалғанын айтқан.