ІІМ мектеп бағдарламасына жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отыр

0
128

Мұндай жобалар қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.


ІІМ мектеп бағдарламасына жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отыр

ERNUR.KZ. Ел жұртшылығының назарын балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселесіне аудару мақсатында түрлі профилактикалық акция өткізіліп жатыр. Мәселен, балалардың жол-көлік жарақаты жағдайын тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар іске асырылып келеді. Сонымен қатар сала мамандары жолдағы балалардың апаттылығын және кәмелетке толмағандарды жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына үйретуге бағытталған пәндерді оқытудың қазақстандық тәжірибесін басқа елдермен салыстырылып жатыр. Білім беру процесінде жол ережелерін оқыту курстарын қолдану тәсілдерінің айтарлықтай айырмашылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл Қазақстан Республикасының мектептерінде жол ережелерін оқытуға бөлінген болмашы сағаттардың санына қатысты. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі мектеп бағдарламаларында жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отыр.

«Өз кезегінде, мұндай сабақтар арқылы жолдарда заңға бағынатын мінез-құлық нормаларын сіңіріп, өзі жүргізуші болған кезге дейін есейген сайын жол қауіпсіздігіне жағымды әсер етеді. Балалардың жол көлік жарақатының алдын алуда ең мықты құралдардың бірі – жас жол инспекторлар жасағының қызметін ұйымдастыру. Дүниежүзінің көптеген елінде мектеп оқушыларын жол қауіпсіздігі мәселелеріне тарту идеясы ұзақ уақыттан бері білім беру және қоғамдық мәдениетінің бір бөлігіне айналып келеді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұндай бастамалар жолдағы жарақат қауіпін төмендетеді және өскелең ұрпақ арасында азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастырады», – деді ӘПК төрағасы.

Қазақстан өз моделін біртіндеп жас жол инспекторлар қозғалысы арқылы құруда. Осы айдың басында Өскемен қаласында Ғ.Байтасов атындағы XX республикалық және мемлекетаралық слёт өтті, оған еліміздің барлық өңірлерінен және Қырғызстаннан 200-ден астам мектеп оқушысы жиналды. Бірақ бұл сандардың артында әлдеқайда ауқымды көрсеткіштер тұр. Барлық іріктеу кезеңдерін ескеретін болсақ, еліміз бойынша бұл қозғалысқа 70 мыңнан астам бала тартылған. Қазақстанда 3,5 млн-ға жуық оқушы оқитыны есепке алынса, бұл жұмысты кеңейту қажеттілігі жоғары.

Мұндай жобалар қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Қазақстандағы жас жол инспекторлар қозғалысы – бұл мектептегі үйірме ғана емес. Бұл жасөспірімдерді әлеуметтік маңызды қызметке тартудың формасы, онда әр бала интерактив және ойын форматында жол ережелерін үйренеді, жауапкершілік сезімін дамытады және өз құрдастары арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетінің көшбасшысына айналады. Балалар қаншалықты көп тартылса, Vision Zero глобал концепциясының мақсаттарына жақындаудың мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады, яғни 2050 жылға қарай жол апатынан болатын бала шығынын нөлге жеткізу көзделген.