ІІМ Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді

0
199


ІІМ Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жыл соңына қарай полицияның жасөспірім Шерзат Полатты өлтіру ісіне қатысты тергеуді аяқтайтынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.




Санжар Әділов қылмысқа қатысы барлардың жазаланатынын жеткізді.

"Жыл соңына дейін біз барлық сараптамаларды алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Осы қылмыстық істің 11 қатысушысы қамауда болады. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады және қылмыстық іс материалдарын қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыруға ұсынамыз", – деді ол.