ІІМ Тұрлыхановтың ұлын қадағаламаған қызметкерлерге қатаң шара қолданды

0
111

Бірақ нақты қалай жазаланғаны белгісіз.


ІІМ Тұрлыхановтың ұлын қадағаламаған қызметкерлерге қатаң шара қолданды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатты қадағаламаған қызметкерлерге қандай шара қолданғаны белгілі болды, деп жазады baq.kz.

Біз бұл іс бойынша қызметтік тексеріс жүргіздік. Қатаң шаралар қолдандық. Барлық қызметкеріміз жазаланды, - деп айтты Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Бірақ нақты қалай жазаланғаны белгісіз.

Енді Нұрасыл Болат түрмеде 1 жыл 5 ай 10 күн отырады. 22 қазанда ол сот залында қамауға алынды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Нұрасыл Болат белгілі адвокатты соққыға жыққаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 700 000 теңге айыппұл салынды.

2024 жылғы 14 мамырда Жоғарғы сот үкімді өзгертті: Тұрлыхановтың ұлына 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін тамыз айында Нұрасыл Болаттың пробациялық бақылау кезінде қаланы аралап жүрген видеосы пайда болған еді. Сол кезде де ҚАЖК ішкі тексерісті бастағаны туралы айтылған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

Ал 9 қазанда сот Нұрасыл Болатты өзіне тағылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 1 700 000 теңге көлемінде айыппұл салды. 2024 жылғы 14 мамырда Жоғарғы Сот істі кассациялық тәртіпте қарап, үкімді өзгертті. Тұрлыхановтың ұлына 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, өтемақы мөлшері ұлғайтылды.

Ал ұлына қытысты видеоға пікір білдірген Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов "бізді көре алмайтындар бар" деп мәлімдеді.