Пеш жабдығын орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық үй-жайға қауіпті газдың ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
Биылғы жылыту маусымында газдың және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтау датчиктерінің іске қосылуы 17 адамның улануын және қаза болуының алдын алды.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Датчиктердің іске қосылуы Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
Пеш жабдығын орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық үй-жайға қауіпті газдың ағып кетуіне әкелуі мүмкін. Бұл газ көзге көрінбейді, иісі жоқ және ешбір айқын белгісіз улануды тудыруы мүмкін. Иісті газбен уланған адам неден ауырғанын білмейді.
Улану оқиғаларының алдын алу ісінде газ концентрациясы датчиктері жақсы көмекші болып келеді. Бөлмеде иісті газ пайда болған жағдайда құрылғы тұрғындарды дыбыс сигналдарымен ескертеді. Бұл уақытылы әрекет етіп, газдың пайда болу себебін жоюға көмектеседі.
Жылыту маусымына дайындық кезеңінде ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен және волонтерлермен бірігіп, әлеуметтік осал топтардың үйлерінде 30 мыңнан астам иісті, табиғи газ датчигі және түтін хабарлағыштар орнатылды. Бұл улану қаупін едәуір азайтуға және ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Датчиктерді орнату тәжірибесі енгізілгеннен бері жалпы датчиктердің іске қосылуының 55 жағдайы тіркелді, соның арқасында 248 адамның жіті улануы мен мүмкін өліміне жол берілмеді.
ТЖМ датчиктерді орнату және халыққа қауіпсіздік ережелерін үйрету бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда.
Иісті газбен улану қаупін азайту үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау жеткілікті:
- пештерді қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдаланыңыз;
- мұржаларды уақытылы тазартыңыз және желдеткіш жүйесінің жұмысын жүйелі түрде тексеріңіз;
- пештер мен каминдерді орнату мен жөндеуді мамандарға тапсырыңыз.
Осы ұсынымдарды орындау қайғылы жағдайлардың алдын алуға және адам өмірін аман алып қалуға көмектеседі.