Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Новосібірде екі қабатты ағаш тұрғын үйде ірі өрт болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп жазады BAQ.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт екінші қабаттан басталып, жалын тез арада шатырға тараған. Өрттің жалпы аумағы шамамен 600 шаршы метрді қамтыған, сонымен қатар шатырдың бір бөлігі опырылып түскен.
“Бір ер адам мен үш әйел қаза тапты, – делінген өңірлік прокуратура таратқан хабарламада.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің және тергеу органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ведомство өрттің шығу себептері мен трагедияның барлық жай-жапсарын анықтау үшін тексеріс бастады.