Іле Алатау саябағы басшылары Бақытжан Сағынтаевқа жалған ақпарат берген

0
1 136

Іле Алатау саябағына кіру құны әлі күнге дейін қолма-қол жүргізілуде.


Іле Алатау саябағы басшылары Бақытжан Сағынтаевқа жалған ақпарат берген

ERNUR.KZ. Бүгінгі өткен жиында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев аталмыш саябақ жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, сенбілік жүргізілген уақытта оған барлығы автоматтандырылған деп жобаны таныстырған еді. Алайда, көрсеткеннің бәрі өтірік болып шықты.

«Сол күні маған барлығы автоматтандырылған деп мәлімдеді. Одан бері қанша уақыт өтті? Ештеңе өзгермеген. Мені алдады. Олай болса, мені жобамен таныстармау керек еді. Алдымен іске қосып, содан кейін барып хабардар ету керек. Өтірік көлгірсуді қашан тоқтатамыз?!», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Әкімнің тапсырмасының кейін бекеттегі терминалды тексеруге арна тілшілері де барған. 6 тамызда жаңалықтардан осыған байланысты бейнематериал да шыққан еді. Ол кезде де саябаққа кіру құны қолма-қол жүргізілетіні көрсетілген. Экологиялық бекеттің электронды форматқа көшудегі қиындықты жолақысының адам басына алатынымен байланыстырып отыр жауаптылар. Ал, саябақ басшыларының әкімге көрсеткен терминалмен тағы қанша уақыт алдайтыны белгісіз.