Импорттық тауарлардың қосылған құн салығына жеңілдік алынып тасталды

0
629

Тізбеде қалған басқа тауарлар бойынша салық жеңілдігі 2025 жылға дейін ұзартылды.


Импорттық тауарлардың қосылған құн салығына жеңілдік алынып тасталды

ERNUR.KZ. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап есепке алу әдісімен импортқа салынатын қосылған құн салығын төлеуге кейбір тауар түрлері бойынша жеңілдік алынып тасталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік кірістер комитеті тізбеде қалған басқа тауарлар бойынша салық жеңілдігі 2025 жылға дейін ұзартылғанын мәлім етті.

«Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар тізбесінен пестицидтер, асыл тұқымды малдардың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар және тірі ірі қара мал алынып тасталған», − делінген хабарламада.