IndiGo әуе компаниясы Қазақстанға ұшақ рейстерін ашатынын жариялады

0
624

Бұған дейін Үндістаннан Қазақстанға бағытталған ұшақ мүлдем болмаған.


IndiGo әуе компаниясы Қазақстанға ұшақ рейстерін ашатынын жариялады

ERNUR.KZ. Үндістанның танымал IndiGo әуе компаниясы Ресей мен Орта Азияның бірқатар елдеріне ұшақ рейстерін ашпақ. Бұған себеп - аталмыш мемлекеттерде Үндістанға барушылардың арасында бағыттың сұранысқа ие болуы, деп жазады Stan.kz.

Үндістан әуе компанияларының арасында Қазақстан, Өзбекстан мемлекеттеріне баратын рейстер жоқтың қасы көрінеді. Ал карантин кезінде үндістандықтардың бұл елдерде қалып қоюының арқасында әуе компаниялар Орта Азияға көңіл аудара бастапты. Мысалы Делиден Ташкентке бағытталған үндістандық ұшақ мүлдем жоқ екен. Үндістан азаматтарына бұл үшін шетелдік Air Astana, Vistara, Turkish Airlines, Air France, Etihad және тағы басқа әуе ұйымдарының қызметін пайдалануға тура келеді.

Соңғы бірнеше аптада IndiGo Ресей, Өзбекстан, Украина мен Қазақстанға бірнеше чартерлік рейс пен жүк тасымалын жүргізіпті.

"Соңғы уақытта біз бұл елдерге рейс ашудың маңыздылығын түсіндік. Үндістан мен Орта Азия мемлекеттері арасында көпір салынбақ. Алдағы айларда біз осы бағыттарды қолға алмақпыз", - депті мекеменің стратегиялар жөніндегі директоры Санджай Кумар.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістаннан Қазақстанға, Қырғыстанға, Түркіменстан, Тәжікстан мен Өзбекстанға, Ресейге бағытталған ұшақ мүлдем болмаған.