Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.
ERNUR.KZ. inDrive негізін қалаған Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.
"Соңғы жылдары Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды кәсіпкерлер қоныс аударуда. Олар Қазақстанға көшіп қана қоймай, өз идеялары мен технологияларын белсенді түрде елімізге енгізетін, сондай-ақ өздерінің бизнес-активтері мен кеңселерін бізге көшірген көптеген жоғары білікті мамандарды, сарапшылар мен кәсіпкерлерді біздің елімізге әкеледі. Солардың бірі – бүгін Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын ресми түрде жариялаған inDrive негізін қалаушы және оның СЕО Арсен Томский", - деп жазды Мусин.
Оның айтуынша, бұл прогрестің негізі – IT-бизнесті тиімді жүргізу үшін жағдай жасалған халықаралық технопарк Astana Hub. Салықтық жеңілдіктер, жеңілдетілген визалық режим және заманауи инфрақұрылым әлемдік компаниялар мен IT-мамандарды елімізге тартуға бағытталған.