​Инфекциялық аурухана жабыла ма?

0
2 997

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұқпалы аурулар ауруханасының жабылатыны немесе жабылмайтыны жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Инфекциялық аурухана жабыла ма?

фото 2gis.ru

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының жабылатыны немесе жабылмайтыны жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қаскелеңдегі инфекциялық аурухана туралы айтар болсақ, бізде нысанның санитарлық нормалар мен ережелерге сай келмейтіні туралы өткен жылғы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қорытындысы бар. Әкімдікке бұйрық берілді, шілде айының соңына дейін кемшіліктер жойылуы керек. Тағы да бір рет тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Егер осы кемшіліктердің көзі жойылса, онда нысан ары қарай жұмысын жалғастыра алады», - деді Елжан Біртанов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Министр дегенмен нысанның әлі де мемлекеттік нормативтерге сай келмейтінін еске салды.

«Біз оны аудандық ауруханаға біріктіріп, ол жеке аурухана емес, құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс жүргізгенін қалап отырмыз. Бұл қадам медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталады. Себебі, ауыр инфекция жұқтырған науқастар өзге де мамандардың - хирург, реаномотолог, кардиологтардың қатысуын қажет етеді», - дейді Елжан Біртанов.

Министр қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган сәйкесінше бағалау жұмысын жүргізіп, шешім қабылдауы керектігін айтады.

«Жалпы, біз Алматы облысындағы ауылдардағы ауруханалар санитарлық талаптарға сәйкестендіріледі деген үміттенеміз», - деді министр.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханаға кемшіліктерді жою 1 шілдеге дейін міндеттеліп отырған айтып өтті. Алайда ол кемшіліктердің жойылатынына күмән келтірді.

«Бұл кемшіліктер жойылмаса, біз нысанды жабу туралы және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша Медициналық сақтандыру қорымен келісімшартты бұзу туралы сотқа береміз», - дейді Елжан Біртанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында барған Елжан Біртанов Қаскелең ауруханасының жағдайын нашар деп бағалап, аталған нысанның жабылатынын жария еткен еді.

Алайда кеше Алматы облысы əкімінің орынбасары Жақсылық Омар Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасы жабылмайтынын мәлім еткен еді.