Қазақстан Орталық Азиядағы ең тұрақты инвестициялық нарық ретіндегі өз айқындамасын үнемі нығайтып келеді.
ERNUR.KZ. Мамыр айындағы Safest Countries for Investors 2026 рейтингісіне сәйкес, республикамыз 70-ші орынды иеленген 2025 жылдың қазан айымен салыстырғанда өз айқындамасын айтарлықтай жақсартып, 150 мемлекеттің ішінде 53-ші орынға ие болды. Бұл нәтиже елдің экономикалық тұрақтылығына және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, институттарды дамыту және қолайлы инвестициялық ахуал жасау саясатының тиімділігіне деген халықаралық сенімнің артуын көрсетеді. Бұл ретте Қазақстан өңірдегі көшбасшылығын сақтап, барлық Орталық Азия елдерінен, сондай-ақ ірі экономикасы бар бірқатар елдерден асып түсті.
Бұл рейтингтің ерекшелігі, тартылған инвестиция көлемін емес, экономика мен мемлекеттік институттардың ұзақ мерзімді тұрақтылығы тұрғысынан инвестициялық қауіпсіздік деңгейін бағалайтындығында. Әдістеме макроэкономикалық тұрақтылық, мемлекеттік басқару сапасы, саяси және валюталық тәуекелдер, реттеуші ортаның тиімділігі және экономиканың сыртқы дағдарыстарға төтеп беру қабілеті секілді көптеген факторларды ескереді. Қазақстанның жоғары серпіні халықаралық инвесторлар арасында еліміздіәлемдік экономикалық белгісіздік жағдайында да тұрақтылықты сақтауға қабілетті болжамды және салыстырмалы түрде тұрақты юрисдикция ретіндеқабылдауын көрсетеді.
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын одан әрі нығайту мемлекеттік институттардың сапасын дәйектілікпен жақсартумен, инвесторларды қорғау тетіктерін жетілдірумен және бизнесті жүргізудің айқын шарттарын қамтамасыз етумен байланысты. Оң серпінді сақтау елдің халықаралық рейтингтердегі айқындамасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар шетелдік капитал арасындағы сенім деңгейін арттырып, бұл тұрақты экономикалық өсімнің қосымша факторына айналады және Қазақстанның әлемдік инвестициялық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.


