Ирак түрмесінде отырған Қазақстанның 6 азаматы аштық жариялады

0
546

Аштық Иракта рақымшылық туралы заңға қол қою туралы қауесеттердің тұсында басталды.


Ирак түрмесінде отырған Қазақстанның 6 азаматы аштық жариялады

ERNUR.KZ. Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жақында Ирактан қазақстандық балаларды әкелу үшін арнайы "Русафа" операциясы жүргізілгенін айтты. Ол балалар - Иракта өмір бойына сотталған Қазақстан азаматтарының балалары, деп жазады zakon.kz.

"24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің лаңкестік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру үкіміне наразылық ретінде бірнеше шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан азаматтары арасында қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қазақстандық 6 әйел Русафа түрмесінде аштық жариялады. Тұтқындар экстрадициялау ісін тездетуді талап етіп отыр", - деді Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Аштық Иракта рақымшылық туралы заңға қол қою туралы қауесеттердің тұсында басталды. Болжам бойынша, Ирак билігі биыл барлық санаттағы қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қоюды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, рақымшылыққа іліккендер бұл елде жаза мерзімінің үштен бірін өтеуге тиіс. Бұл мекемеде ДАИШ лаңкестік ұйымына қатысқаны үшін сотталған Қазақстанның алты азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Жалпы наразылық білдірушілер әділетсіз үкімдерге, терроризмге қатысты негізсіз айыптарға және қамаудағы нашар жағдайға шағымданып отыр.

"Иорданиядағы елшілігіміздің бастамасымен 26 сәуірде "Русафа" түрмесінің судьясымен және ЮНИСЕФ-тің Ирактағы өкілдігінің балаларды қорғау жөніндегі маманымен келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер нәтижесінде ҚР азаматтарының құқығын сақтау туралы келісімге қол жеткіздік. Біз бұл ақпаратты қадағалап, бақылауда ұстаймыз", - деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Суданнан Қазақстанның тағы 3 азаматы эвакуацияланғанын хабарлаған еді.