«Ирина Кайратовна» мобилографының өлімі: Астана полициясы іс қозғады

0
438

14 қазан күні Астанада «Ирина Кайратовна» тобының концерті барысында мобилограф Шахназ Жылқайдаров сахнада құлап, қайтыс болды.


«Ирина Кайратовна» мобилографының өлімі: Астана полициясы іс қозғады

ERNUR.KZ. «Ирина Кайратовна» тобының мобилографы Шахназ Жылқайдаровтың өлімі бойынша іс қозғалды, деп жазады inform.kz.

«Мобилографтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.Бүгінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар әлі дайын емес. Аталған факті бойынша «адамның өлімі» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ елорда полициясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты және өзге де деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтындығын ескертті.

Еске сала кетейік, 14 қазан күні Астанада «Ирина Кайратовна» тобының концерті барысында мобилограф Шахназ Жылқайдаров сахнада құлап, қайтыс болды.

Кейін мобилографтың қазасына себеп болған алдын ала диагноз айтылды.