30 қыркүйекте өтетін матчқа билет таппаған ер адам көлігін айырбастап жібергенін айтты.
Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Қазақстандық ер адам "Қайрат" – "Реал" матчына кіру үшін BMW көлігін айырбастап жіберген, деп жазады stan.kz.
30 қыркүйекте өтетін матчқа билет таппаған ер адам көлігін айырбастап жібергенін айтты.
“Көлігін бір билетке ауыстырып жіберді. Жалғыз атын сойды деген осы” делінген видеода.
Айтуынша, ер адам сайттан билет ала алмаған.
“Билет таба алмадық. Сайттағы сатылым жабылып кеткен. Біреу билет миллион теңге деді. Сосын менің көлігімді аласың дедім. BMW, пятерка. Негізі ішім ашып тұр”, – деді футбол жанкүйері.
Желідегілердің айтуынша, ер адам Шиелінікі екен.