Ішкі істер министрлігі желіде тараған митинг туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

0
994

"Әскери чатта" айтылды деген белгісіз ер адамның хабарламасы Telegram-дағы egovpress арнасында жарияланды.


Ішкі істер министрлігі желіде тараған митинг туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Қазақстанда өтетін болжамды митингілер туралы ақпарат тарап жатыр. Бірақ ҚР Ішкі істер министрлігі аудиожазбада айтылған ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады zakon.kz.

"Әскери чатта" айтылды деген белгісіз ер адамның хабарламасы Telegram-дағы egovpress арнасында жарияланды.

"Менде әскери чат бар, сол жерден маған осындай ақпарат түсті. Көшеде жүргенде абай болыңыз, дүкенге барсаңыз да болмайды жігіттер... Митингіге қатыссаң да, қатыспасаң да көлігіңнен тура алып кетеді. Осыған байланысты, балалар, абай болыңдар, айналаңа қараңдар. Прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті көтеріліп жатыр. Батальондар әр қаладан шақырылады: Мәскеуден, Атыраудан, Тараздан, Қызылордадан, Қостанайдан. Ең қатал митингілер Алматы мен Астанада өтеді деп болжап жатыр. Көтерілістерді прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті көтеріп отыр. Қазірдің өзінде батальондар дайындалып жатыр. 23-інен бастап желі болмайды, Kaspi де жұмыс істемейді", – деді Шүкір Досым деген жігіт.

Еліміздің Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған аудиожазбаға қатысты жауап берді.

"Аудио жазбадағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздестіріп жатыр", - деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне ҚР ІІМ баспасөз қызметі.