Қазақстанда IT-Aiel әйелдерге арналған онлайн оқыту бағдарламасына қатысуға тіркеу басталды.
ERNUR.KZ. Бағдарлама үш негізгі талапқа сәйкес келетін мамандықтар жиынтығын қамтиды: нарықтағы жоғары сұраныс, техникалық базасыз кіру мүмкіндігі және дағдыларды тез монетизациялау. Бұл туралы толығырақ Yassa Education компаниясының негізін қалаушы Кристина Вебер ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.
«Біріншісі – автоматтандыру ассистенті, no-code және low-code құралдары, кестелер, макростар арқылы күнделікті тапсырмаларды автоматтандыратын шағын және орта бизнес үшін таптырмас маман. Екіншісі – чат-бот жасаушы. Курс аясында қатысушылар Telegram, WhatsApp, сайттарда, басқа платформаларда чат-боттарды жобалайды, жинайды, конфигурациялайды. Бұл ақша үнемдейді және бизнес үшін клиенттермен байланысты жақсартады», – деді ол.
Сондай-ақ қатысушылар AI-графикалық дизайнер мен бейнемонтажер, бағдарламалық тестілеуші сынды мамандықтарды игере алады. Курста олар веб-қызметтерді, қосымшаларды тексеруді, баг-репорттарды жазуды және даму циклінің қалай жұмыс істейтінімен танысады
Тағы бір бағыт — промпт-инженерлер. Бұл жасанды интеллектпен дұрыс қарым-қатынас орната алатын, мәтін, кескін кодын құру үшін тиімді промпт жаза алатын мамандар. Бағдарламаға хард-скиллдар бар блоктан бөлек, воркшоптар, портфолионы жинау, алғашқы келісімшарттар жасасу, фриланс пен жалдау кезінде кірісті қалыптастыру тәсілдері кіреді.
«Yassa Education бағдарламаның серіктесі ретінде үздік түлектерді мақтан тұтып, оларға қолдау көрсетеді. Биыл біз үздік нәтиже көрсеткен үш түлекке АҚШ-тағы күзгі білім беру модуліне қатысуды ұсынамыз. Бұл – Нью-Йорк пен Бостонға саяхат, олар Гарвардқа, MIT, жетекші технологиялық компанияларға барып, болашақты қалыптастыратын жаһандық қауымдастықпен танысады», – деді Кристина Вебер.